• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

Алматыда үш шетелдік қамауға алынды

Фото: Видео кадры

ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті үш шетелдікті ұстап, олар жалға алған пәтерде тінту жүргізу барысында алты SIM боксты тәркіледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл құрылғылар алаяқтық схемаларда кең көлемде қоңыраулар жасау, хабарламалар жіберу және абоненттік нөмірлерді өзгерту үшін қолданылады. Сондай-ақ, әртүрлі мобильді операторлардың 5 мыңнан аса SIM картасы тәркіленген.

"Күдіктілерге қатысты ҚР Қылмыстык кодексінің 213-бабы 2-бөлігі "Ұялы байланыс абоненттік құрылғысының идентификациялық кодын заңсыз қолдану, абонентті сәйкестендіру құрылғысын заңсыз өзгерту және идентификациялық кодты өзгертуге арналған бағдарламаларды жасау, пайдалану, тарату" бойынша қылмыстық іс тіркелді", - деді ҚМА өкілі.

Күдіктілер екі ай мерзімге қамауға алынды. Олардың интернет алаяқтыққа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget