Алматыда полицейлер жоғалып кеткен 15 жастағы жасөспірімді тапты. Оны іздестіру жұмыстары бірнеше күнге созылған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алматы ПД мәліметінше, жасөспірім Нұркент шағынауданынан табылған.
"Кәмелетке толмаған бала Нұркент шағынауданында, "Алматы Арена" спорт кешені маңында табылды. Жасөспірімді іздестіру шарасына жедел уәкілдер, ювенал полиция қызметкерлері мен еріктілер қатысты", - деп хабарлады тәртіп сақшылары.
Оқиғаның басқа да мән-жайы анықталып жатқаны айтылды.
Еске салайық, бұған дейін полиция 15 жастағы жасөспірімге қатысты іздеу ісін бастағаны хабарланған еді. Кейбір мәліметтер бойынша, баланы екі күн бұрын Алматы маңындағы базарлардың бірінде көргені айтылды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!