25 қарашада таңертең Алматыдағы әл-Фараби даңғылында жол апаты болды, зардап шеккендер бар, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Куәгерлердің айтуынша, үш көлік соқтығысып, кейін біреуі өртеніп кеткен, зардап шеккендер бар. Олардың сөзінше, өртке байланысты жолда кептеліс пайда болған.
Алматы Полиция департаменті мәліметінше, оқиға сағат 7:00-де Бостандық ауданында болған.
"Toyota көлігінің жүргізушісі әл-Фараби даңғылы бойымен келе жатып, қарсы бағытқа шығып кетіп, Lexus көлігімен соқтығысқан. Кейін жолда тоқтап тұрған Lexus-қа Hyundai көлігі соғылған", - деді полиция.
Ведомство өкілдері осыдан кейін Toyota көлігі өртенгенін айтты.
"Оқиға салдарынан Toyota жүргізушісі мен жолаушысы, сондай-ақ, Lexus жүргізушісі жарақат алды", - деді полиция.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!