Алматыда үш көлік соқтығысты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
20 қыркүйекте кешкі сағат 21:00 шамасында Жетісу ауданындағы Солтүстік айналма жолда жол апаты болған.
Алдын ала мәлімет бойынша оңтүстік бағытта келе жатқан Toyota көлігінің жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып, қарсы бағытта келе жатқан Chevrolet көлігімен соқтығысқан. Салдарынан Chevrolet көлігі инерциямен қозғалып, тағы бір көлікке, яғни Volvo көлігіне соғылған.
"Бірнеше адамға медициналық көмек қажет болды. Жол апатының мән-жайы мен себептері анықталып жатыр", - деді Алматы ПД өкілі.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!