Алматыда үш қабатты үй сүріледі

Алматыда тағы бір заңсыз нысан сүріліп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл жолы Черновицкая көшесі, 10 мекенжайында орналасқан үш қабатты үй сүріледі. Бұл туралы Алматының қала құрылысы бақылау басқармасы мәлімдеді.

Меншік иесі (жеке тұлға) құрылысқа рұқсат құжаттарынсыз кіріскен: СЖТ, эскиз жоба келісімі, жоба сараптамасы және құрылыс-монтаж жұмыстарының басталғаны туралы хабарлама болмаған.

Алматы қаласы әкімдігі

"Тұрғынның өтініші бойынша жоспардан тыс тексеріс нәтижесінде меншік иесіне әкімшілік шаралар қабылданды. Кейін Алматы қаласының Жетісу аудандық соты басқарманың талап-арызы негізінде 2023 жылы 7 қыркүйекте заңсыз салынған үш қабатты тұрғын үйді бұзу туралы шешім шығарды", - деп жазылған әкімдік хабарламасында.

Нысан сот орындаушыларының қатысуымен бұзылып жатыр.

Айта кетейік, 2023 жылдың басынан бері Алматыда 63 заңсыз нысан толық немесе жартылай сүрілген.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз