Алматыда тағы бір жезөкшелер үйі анықталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
"Stop-трафик" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында полицейлер Алматыдағы Медеу ауданында орналасқан боди-массаж салонын анықтаған. Үш қабатты коттеджде 15 бөлме мен сауна бар. Мекемедегі жұмыс барысын екі әкімші бақылап отырған.
"Әкімшілер мен салонда массажист болып жұмыс істейтін 20 қыз ұсталды. Олардың жасы 20-28 жас аралығында. Бұл мекеменің "қызметкерлері" - Қазақстанның басқа аймақтарынан келген қонақтар. Олардың басқа да құқықбұзушылыққа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Медеу аудандық Полиция басқармасы ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 450-бабына сәйкес әкімшілік іс материалдарды жинақтады. Көрсетілген салонның иесі де анықталды, ол 34 жастағы Ж. есімді ер адам болып шықты. Ол да жауапқа тартылды", - деді Алматы қалалық ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Жанат Нұрғалиев.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!