Алматылық дәрігерлер үш жасар баланың асқазанынан батареяны операциясыз алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Баланың ата-анасы Алматыдағы Балаларға жедел медициналық көмек көрсету орталығына жүгінген. 3 жасар сәбидің анасының айтуынша, бала қолындағы батареяны аузына салып, жұтып қойған.
Дәрігерлер батареяны жұтқаннан кейін бірнеше сағат ішінде қабыну процесі басталатынын, бұл асқазанның немесе өңештің шырышты қабатының күйіп кетуіне және тіпті осы органдардың тесілуіне әкелуі мүмкін екенін айтқан.
Жедел медициналық көмек пен дәрігерлердің тапқырлығы арқасында хирургиялық операция жасалмаған.
"Бөгде зат Дормиа себетімен ұсталды (құрал эндоскопиялық процедуралар кезінде қуыстардан тастар мен әртүрлі бөгде заттарды алып тастауға арналған). Содан кейін Фолей катетері үрленіп, Дормиа себетімен бөгде зат асқазан мен өңештен сәтті шығарылды", - деді Алматы қаласының Балалар шұғыл медициналық көмек орталығының хирург - хирург-эндоскописі Мұрат Дүйсебаев.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!