ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті Warner Bros, Roborock және NFT+TRX қаржы пирамидаларының қызметін тоқтатты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Схема қалай жүзеге асқан?
Қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар салымшыларды трейлерлерді көру арқылы жоғары пайда алуға болады деген сылтаумен жобаларға инвестиция салуға көндірген. Жоба 9 деңгейден құралып, орташа салым сомасы 225 мың теңге болған, төлемдер тек USDT криптовалютасында қабылданған.
Мысалы Warner Bros жобасы бойынша салымшылар арнайы қосымшаға тіркеліп, криптовалюта арқылы қолжетімділікті сатып алып, трейлерлерді көру үшін және жаңа салымшыларды шақыру үшін "есептелетін" сыйақылар алған.
ҚМА пікірі
"Тергеу барысында салымшылардан қаражат жинау және транзит жасау үшін қолданылған криптовалюталық әмияндар анықталды", - деп жазылған хабарламада.
Сот санкциясымен 3,8 млн USDT көлеміндегі криптоактивке тыйым салынды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова