Алматыда әл-Фараби даңғылында үш адамның өмірін қиған жантүршігерлік жол апаты бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. 8 маусымда өткен сотта оқиғаның видеосы көрсетілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Кадрларда Zeekr жүргізушісі асқан жылдамдықпен көлікке соғылғанын байқауға болады.
әл-Фарабидегі жол апаты
Еске салайық, 21 наурызға қараған түні әл-Фараби даңғылында жантүршігерлік жол апаты болды. Mercedes жүргізушісі мен екі жолаушысы (22 және 20 жастағы қыздар) оқиға орнында көз жұмды. Zeekr жүргізушісі аман қалып, түрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылды. Кейінірек Zeekr көлігінің жүргізушісі тергеу изоляторына жеткізілді.
Осы оқиғадан кейін бірнеше лауазымды полицей қызметінен босатылды. әл-Фараби даңғылында болған жол апаты бойынша бірқатар қылмыстық іс қозғалды. Қазір осы іс бойынша сот өтіп жатыр.
1 маусымда өткен сот отырысында марқұмдардың туыстары айыпталушыға кешірім беріп, соттан оған шартты жаза тағайындауды сұрады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова