- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматыда үш адамның...
Алматыда үш адамның өліміне себеп болған автобус апатынан зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды
Дәрігерлер автобус апатынан зардап шеккендердің, оның ішінде жүргізушінің жағдайын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Алматы қоғамық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.
Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті зардап шеккен 50 жастағы әйел жансақтау бөліміне жатқызылғанын хабарлады. Оның денесінің көп бөлігі сынған. Қазір жағдайы ауыр.
Тағы бір зардап шеккен 55 жастағы ер адам бас миының жарақаты деген диагнозбен
нейрохирургия бөліміне жатқызылды.
Автобус жүргізушісі, 36 жастағы әйел де нейрохирургия бөліміне жатқызылды.
Жол апаты кезінде зардап шеккен баланы хирург, травматолог, нейрохирург құрамында № 2 қалалық балалар клиникалық ауруханасының көпсалалы бригадасы қарады, нәтижесінде сол жақ тізе буынының жұмсақ тіндерінің көгеруі диагнозы қойылды. Гипс салынып, амбулаториялық емделуге жіберілді.
Еске салайық, бұған дейін Алматыдағы автобус апатынан үш адам мерт болғаны хабарланған еді.
Алматы полиция департаменті мәліметінше, 22 желтоқсанда сағат 18:15-те №47 бағыттағы қоғамдық көліктің жолаушысы көлікті басқарған әйел жүргізушіні ұрған, жанжал салдарынан жүргізуші есінен танып қалған. Салдарнан автобус аялдама маңында тұрған адамдарды қағып, төрт көлікпен соқтығысқан.
Қоғамдық көлік жүргізушісін ұрған ер адам ұсталды. Бұл дерек ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі бойынша соталды тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.
Кейін қайғылы оқиғадан қанша адам зардеп шеккені белгілі болды. Апаттың қалай болғаны бейнебақылау камерасына түсіп қалған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан