- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматыда ұры түнгі...
Алматыда ұры түнгі уақытта қыздарды тұншықтырып, тонап кеткен
Алматыда қыздарды тұншықтырып, тонаған күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Алмалы аудандық полициясының мәліметінше, еш жерде жұмыс істемейтін 20 жастағы А.есімді ер адам қылмысын тек түнгі уақытта жасаған. Жолда жалғыз келе жатқан қыздарға жақындап, артынан тұншықтырып, содан кейін барлық бағалы затын алып кетіп отырған.
"Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 20 жастағы Жамбыл облысының тұрғыны ұсталды. Қазіргі уақытта тонау бойынша үш деректі анықтадық. Бір эпизод бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Қыздар төтеп бере алмайтын жағдайға жеткен кезде, ол барлық құнды затты: ұялы телефондарды, ақшаны алып, қараңғы көшелерде тығылып қалды. Сондай-ақ, қаскөй жәбірленушіден тартып алған ақшамен дүкенде төлем жасап жатқан дерек те тіркелді. Ер адам өз ісін мойындады. Қазір күдіктінің жеке басы қала аумағында осыған ұқсас, бұрын жасалған қылмыстарға қатысы бар-жоғына тексерілуде. Соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, - деді Алмалы аудандық Полиция басқармасының басшысы Есен Ысқақов.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина