- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматыда ұрлықты кәсіп...
Алматыда ұрлықты кәсіп қылған күдікті қолға түсті
Алматы қаласы Медеу аудандық полициясының мәліметінше, 35 жастағы ер адам тек жеке секторда және түнде ғана ұрлық жасаумен айналысқан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Тергеудің осы кезеңінде күдікті ұрлықтың үш дерегіне қатысы бар екені белгілі болды. Ол оның екеуін Думан шағынауданында жасаған. Бірінші жағдайда ер адам жеке тұрғын үйдің ауласынан велосипед ұрлап кетсе, екіншісінде көліктің ішінен 1,2 млн теңгені жымқырған. Эпизодтардың көпшілігінде күдікті бөтен адамдардың аулалары құлыптанбаған қақпаларды еркін ашып кірген. Бұл жеке секторға тән болуы мүмкін, бірақ қауіпсіз емес. Сондықтан осы сәтті пайдалана отырып, азаматтарды мүліктік қауіпсіздік шараларын күшейтуге шақырамын", - деді Медеу аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімінің бастығы Әбдінұр Тасыбаев.
Күдікті ұсталып, қамауға алынды. Ол велосипедті сатып үлгермеген. Сонымен қатар полицейлер күдіктінің жеке басын басқа да заңбұзушылықтарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.
ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан