Алматыда ұрланған техникаларды анықтайтын сайт іске қосылды

Алматыда ұрланған техникаларды анықтайтын сайт іске қосылды

Алматыда техникалардың ұрланғанын анықтайтын сайт іске қосылды, - деп хабарлайды qazaqstan.tv.

Телеарна мәліметінше, Urlangan.kz деп аталатын платформаға сериялық нөмірі бар телефон, ноутбук, планшет, электронды сағат сынды 100 мыңнан аса техника енгізілген. Яғни, құрылғының кодын теру арқылы сатып алуға ұсынылған зат ұрланған мүлік тізімінде бар-жоғын тексеруге болады.

Қалалық прокуратура сайтқа кейінгі жылдары қала аумағында қолды болып, полицияға арызданғандардың 100 мыңнан аса құрылғысы енген. Оның арасында компьютер, телефон, электронды сағат сияқты техникалар бар.

"Бұл сайт барлығына ашық, оңай. QR кодқа ұялы телефонды, техниканы алып келсе, біздің urlangan сайтымызға автоматты түрде жібереді. Бұл сайт ресми түрде жұмыс істейді. Әрбір азамат интернет арқылы кіріп, көре алады", - дейді Алматы қаласы прокуратурасының ресми өкілі Нұрсұлтан Жеделбай.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Г. Досымшалова