Алматыда ҰОС ардагерлеріне біржолғы төлемдер 5 млн теңгеге дейін жетуі мүмкін

Алматыда ҰОС ардагерлеріне біржолғы төлемдер 5 млн теңгеге дейін жетуі мүмкін
Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне біржолғы төлемдер 5 млн теңгеге дейін көбеюі мүмкін. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев Ұлы Жеңістің 80 жылдығына дайындық мәселелері талқыланған қалалық Ардагерлер кеңесінің өкілдерімен кездесу барысында мәлімдеді.

Алматы ардагерлер кеңесінің төрағасы Ахан Бижанов Алматыда жоғары деңгейде ТМД елдерінен келген делегациялардың қатысуымен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған халықаралық акция өтетініне тоқталды.

Ардагерлер кеңесінің мүшелері Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне біржолғы төлемдерді арттыру мүмкіндігін жақсы қабылдады. Қала басшысы келесі жылы Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай ҰОС ардагерлеріне біржолғы төлемдерді 2 млн теңгеден 5 млн теңгеге дейін, ал тыл еңбеккерлеріне 50 мың теңгеден 100 мың теңгеге дейін арттыру жоспарланып отырғанын хабарлады. Ерболат Досаев биыл ҰОС ардагерлеріне берілген төлемдер 1 млн теңгеден 2 млн теңгеге дейін көбейгенін еске салды.

"ҰОС ардагерлеріне біржолғы төлемдерді 5 млн теңгеге дейін арттыруға мүмкіндігіміз бар, тыл еңбеккерлеріне төлемді 100 мың теңгеге дейін жеткіземіз, яғни екі есеге арттырамыз. Сіздің өтінішіңіз негізінде келесі жылға арналған бюджетті қалыптастыру кезінде мәслихатқа осындай ұсыныс енгіземіз", – деді Ерболат Досаев.

Айта кетейік, қазіргі уақытта Алматыда 31 ҰОС ардагері мен 8 мүгедек тұрады.

Материалды Алматы әкімдігі ұсынды

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан