Желіде Алматыдағы ҰҚК Шекара академиясының аумағында адам сүйектерінің қалдықтары табылғаны туралы ақпарат пайда болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл жайт академия аумағында инженерлік желілерді жөндеу кезінде болған.
Алматы полиция департаменті табылған қалдықтар туралы түсініктеме берді.
"Ескі жерлеуді табу дерегі бойынша Медеу ауданының полиция басқармасы тексеру жүргізіп жатыр", - деп хабарлады Алматы полициясы.
Полицейлер күдіктіні іздеуге кірісті.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!