Алматыда Ұлы Отан соғысының ардагері Шәңгерей Жәнібековпен қоштасу рәсімі өтті. Рәсім майдангер тұрған үйдің маңында өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ардагерді жерлеу рәсімі "Кеңсай" зиратында барлық әскери құрмет көрсетіліп өтті.
Іс-шараға "Қарулы Күштердің ардагерлері" РҚБ Алматы филиалының төрағасы, отставкадағы полковник Төлеген Мұстафин, Алматы гарнизонының, Медеу ауданының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының әскери қызметшілері, Қазақстан Қарулы күштерінің ардагерлері қатысты.
Шәңгерей Жәнібеков 1924 жылы 15 маусымда Қостанай облысы Денисов ауданы Қарпық ауылында дүниеге келген. Ерте жасында жетім қалып, туыстарының қолында өскен.
Қостанай медициналық училищесінде білім алып, 1942 жылы әскери фельдшер ретінде Кеңес армиясының қатарына шақырылды. Жараланған сарбаздарға медициналық көмек көрсетіп, Брянск, Степный және Екінші Украин майдандары қимылдарына қатысты.
Ардагер Белгород, Харьков, Полтава, Кременчугты азат етуге, сондай-ақ, Корсун-Шевченков және Ясско-Кишинев операцияларына қатысты. Румыния, Венгрия, Чехословакия және Аустрия аумағындағы неміс-фашистік әскерлерге қарсы шайқастарға қатысты.
Шангерей Жаныбеков 2-ші дәрежелі Отан соғысы, Октябрь революциясы, Еңбек Қызыл Ту, Халықтар достығы, "Құрмет", "Парасат" ордендерімен, "Ерлігі үшін", "Антифашистік күреске белсенді қатысқаны үшін" (Чехословакия) медальдарымен марапатталды. Алматының құрметті азаматы болды.
Соғыстан кейін Жәнібеков еңбек жолын жалғастырып, партия органдарында жауапты қызметтер атқарды. 1976 жылы Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары болып тағайындалды, зейнеткерлікке шыққаннан кейін шетелдегі қазақтармен мәдени байланыстар жөніндегі республикалық қоғамды және Қазақ соғыс және еңбек ардагерлерінің республикалық кеңесін басқарды.
"Шәңгерей Жаныбекұлының өмір жолы - батылдықтың, жанқиярлықтың және Отанға адалдықтың үлгісі. Оның фашизмді жеңуге және Қазақстанның соғыстан кейінгі дамуына қосқан үлесі өз ісіне және Отанына деген өшпес адалдықтың жарқын символы ретінде халық жадында қалады", - деп атап өтілді Алматы гарнизонында.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!