2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Үлкен Алматы айналма автомобиль жолымен (БАКАД) жүру ақысы екі есе қымбаттайды. Көлік министрлігі тиісті бұйрыққа өзгерістер енгізіп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жеңіл автокөліктер үшін төлем 0,07-тен 0,14 МРП-қа өседі – бұл жолда 1 сағат жүргені үшін шамамен 605 теңге болады.
Анықтама: 2026 жылы айлық есептік көрсеткіш (МРП) 4 325 теңге болады.
Басқа санаттағы көліктер үшін де баға пропорционал өседі. Мысалы:
16 орынға дейінгі автобус үшін жолақы – 0,16 МРП, яғни 692 теңге;
15 тоннадан ауыр жүк көліктері үшін – 0,44 МРП, шамамен 1 903 теңге.
Жаңа тарифтермен қатар 50 пайыз жеңілдік те қарастырылған, бірақ тек мына жағдайларда:
Егер төлем бір апта ішінде түспесе, қарыз қалыптасады да, жолақы жеңілдіксіз, толық мөлшерде алынады.
Сонымен қатар, Талғар, Қарасай және Іле аудандарының тұрғындары үшін айлық және жылдық абонементтердің бағасы бұрынғы деңгейде қалады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!