Алматыда ҰҚК адамдарды бопсалаған хакерді ұстады

Фото: Видео кадры

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері компьютерлік қылмыс жасады деген күдікпен бір адамды ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ол шетелдік компаниялардың серверлеріне заңсыз кіріп, компьютерлік деректерді шифрлайтын зиянды бағдарламалар орнатқан. Кейін деректерді қалпына келтіру үшін криптовалюта түрінде төлем талап еткен.

Тінту барысында күдіктінің кибершабуыл жасау үшін пайдаланған заттай дәлелдер тәркіленді.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөліміне сәйкес, басқа ақпарат жария етілмейді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек
Logotype Massaget