- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматыда ҮАК бойындағы...
Алматыда ҮАК бойындағы көше учаскелері біраз уақытқа жабылады
Алматыда жөндеуге байланысты ҮАК бойындағы көше учаскелері біраз уақытқа жабылады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
ҮАК бойындағы көше учаскелеріне орташа жөндеу жүргізуге байланысты қозғалысқа уақытша шектеулер енгізіледі.
1 УЧАСКЕ:
31 тамызда сағат 23.00-ден 2 қыркүйек сағат 11.00-ге дейін Саин даңғылынан Центральная көшесіне дейінгі учаскеде қозғалыс жабылады.
Айналма жол дублер бойынша және Жаужүрек, Центральная, Ақ-қайнар көшелерімен қамтамасыз етіледі.
2 УЧАСКЕ
1 қыркүйек сағат 23:00-ден 11:00-ге дейін 3 қыркүйекте қозғалыс Центральная көшесінен Махамбет Өтемісұлы көшесіне дейінгі учаскеде жабылады.
Айналма жол дублер және Өтемісұлы, Орталық, Солтүстік айналма көшелерімен қамтамасыз етіледі.
3 УЧАСКЕ:
2 қыркүйекте сағат 23.00-ден 11.00-ге дейін 4 қыркүйекте Өтемісұлы көшесінен Бәйдібек би көшесіне дейінгі учаскеде қозғалыс жабылады.
Айналма жол Солтүстік айналма, Өтемісұлы және Аршалы көшелерімен қамтамасыз етіледі.
4 УЧАСКЕ:
3 қыркүйекте сағат 23.00-ден 11.00-ге дейін 5 қыркүйекте қозғалыс Бәйдібек би көшесінен Солтүстік айналма көшесіне дейінгі учаскеде жабылады.
Айналма жол дублер және Солтүстік айналма Дунганская көшелерімен қамтамасыз етіледі.
Жөнделетін учаскелерде ескерту белгілері, мердігер ұйым басшысының байланыс ақпараты бар стендтер қойылады. Бағыттарды алдын ала жоспарлау сұралады.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Сатыбалдина