Алматыда түтін басқан ғимараттан 50 адам эвакуацияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өртсөндірушілер Қарасай батыр көшесінде орналасқан жертөледегі өртті сөндірді. Қою түтінге байланысты құтқарушылар 5 қабатты ғимараттан адамдарды шұғыл түрде эвакуациялаған.
"Екі адам көмірқышқыл газынан улану белгілерімен көмекке жүгінді. Олардың жағдайы тұрақты деп бағаланып отыр. Зардап шеккендер медициналық көмек көрсету үшін жедел медициналық көмек ауруханасына жеткізілді", - деді ТЖД өкілі.
Алдын ала болжам бойынша ғимаратта қысқа тұйықталу болған.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз