Алматыда екі жігіт қатты дауыл астында қалып, таулардан өз бетінше түсе алмады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ТЖМ мәліметінше, екі жас Панорама шыңына көтерілді.
"Іле Алатауының Кіші Алматы шатқалында 21-22 жас аралығындағы екі жас Панорама шыңына көтерілді. Бірақ ауа райын алдын ала тексермегендіктен, олар қатты дауыл астында қалып, белгіленген уақытта түсе алмады. ТЖМ жедел тобы құтқару кабинасында жоғалған адамдарды тауып, таулардан Алматы қаласына аман-есен жеткізді", - делінген хабарламада.
Жастарға медициналық көмек қажет емес.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз