Алматыда 2240 метр биіктен туристер құтқарылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мән-жай
Бүгін таңертең үш турист Іле Алатауы Көк Жайлауға көтеріліп, ауа райы нашарлауына байланысты өз бетінше төмен түсе алмай, құтқарушылардан көмек сұраған.
Тез арада оқиға орнына ТЖМ республикалық жедел құтқару жасағының құтқарушылары жеткен.
"Олар туристерді теңіз деңгейінен 2240 метр биікте, 8 шақырым жол жүріп тапты. Туристер медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ", - деп жазылған хабарламада.
ТЖМ ескертуі
ТЖМ тауға шыққанда сақтық шараларын сақтау қажет екенін еске салды:
- Ауа райын ескеру қажет;
- Керек-жарақтарды дұрыс таңдаған абзал;
- Құтқару қызметтерін көтерілетін бағыты бойынша алдын ала хабардар ету керек.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова