Алматыда тұрғындарды пара беруге арандатқан адвокат сотталды

Алматы қалалық адвокаттар алқасының адвокаты сотталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алматы қаласы Медеу аудандық сотында Алматы қалалық адвокаттар алқасының адвокаты Р.Наинбаев және қала тұрғындары Д.Тұяшев, Г.Сәкенова сотталды.
"Олар бұрынғы балабақша ғимаратын тұрғын үй-жайларға заңдастыру сылтауымен мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарына 30 млн теңгеден аса пара беруге қала тұрғындарын арандатқаны және алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылды", - деп жазылған хабарламада.
Сот үкімі
Сот үкімімен Сәкеноваға 7 жыл, Тұяшевқа 4 жыл және Наинбаевқа 1 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Сотталғандар өмір бойына мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан айырылады.
Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова