Алматыда 10 қазанда тұрғын үйлерге жылу беріледі. Бұл туралы ӨКҚ-да Энергетика және сумен жабдықтау басқармасының басшысы Нұрбақыт Серікбай мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазір қаланың апаттық қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. 100-ден аса бригада мен 400-ге жуық маман жұмылдырылған. Нұрбақыт Серікбайдың сөзінше, мазут пен көмір қоры да жеткілікті.
"Тұрғындардың әлі де жылу желілеріне берешегі бар. Бұл мәселе жеке сот орындаушылары арқылы шешіліп жатыр. Ал Алматыда жылыту маусымы қала әкімінің қаулысына сәйкес 8 қазанда басталды. Бірінші кезекте балабақша, мектеп пен медициналық мекемелер сияқты әлеуметтік нысандарға жылу берілді", - деді ол.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова