- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматыда тұрғын үйлердің...
Алматыда тұрғын үйлердің бірінде жезөкшелердің өрескел әрекеті видеоға түсіп қалды
Алматылықтар көрші тұратын жезөкшелерге шағымданды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әлеуметтік желіде Atlant-2 тұрғын үй кешені тұрғындарының шағымданып жатқаны туралы ақпарат тарады. Олардың айтуынша, бұл үйде жөзекшелер тұратын притон бар.
"Балаларымыз бен қарттарымызға қауіп төніп тұр. Күн сайын түнде сутенер пәтерді жалға береді. Үнемі төбеле шығып жатады. Ал бұл біздің қауіпсіздігімізге әсер етеді. Сізден шара қолдануыңызды сұраймыз.
Тұрғындар үнемі полицияға хабарласады, бірақ полицейлер ештеңе істемейді. Ал бұрынғы басқарушы компания шара қолданбай отыр", - дейді олар.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Жазбада бейнебақылау камераларына түсіп қалған видео да бар. Кадрда ер адамның пәтерден жүгіріп шығып жатқаны, артынан екі әйел қуып жатқаны бейнеленген.
Құқық қорғау органдарының қызметкерлері бұл оқиғаға қатысты пікір білдірді. Кейін қалалық полиция департаменті пәтер иесімен сөйлесіп, оны жазалағанын айтты.
"Полицейлер пәтер иесін анықтады, ол 1987 жылы туған ер адам болып шықты. Ол ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 450-бабы "Көрінеу жезөкшелікпен айналысу немесе жеңгетайлық үшін үй-жайлар ұсыну" бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деді Алматы ПД баспасөз қызметі өкілдері.
Айта кетейік, 450-бапта көрінеу жезөкшелікпен айналысу немесе жеңгетайлық үшін үй-жайлар ұсынған жеке тұлғаларға және лауазымды адамдарға - 100, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - 150, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - 300, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне 1000 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салынады.
Тағы да оқи отырыңыз: Никотин қышқылы шаштың түсуін тоқтата ма?
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек