- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматыда тұрғын үйлерді...
Алматыда тұрғын үйлерді тонап жүргендер әлі ұсталған жоқ - полиция
Алматы полициясы қала пәтерлерін тонамақ болған ұрылар әлі ұсталмағанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Полиция департаментінің мәліметінше, тонау дерегіне қатысты қылмыстық іс қозғалған. Күдіктілердің кім екені анықталған.
"Оларды ұстауға және қылмыстық жауапкершілікке тартуға бағытталған жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды", - дейді ПД өкілдері Massaget.kz тілшісіне.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда ұрылар видеоға түсіп қалғанын жазған едік.
"Алматыда ұрылар пәтерлерді аралап, есік тұтқаларын тартып, тұрғын үй кешендерінде із қалдырып жүр", - делінген видеоның сипаттамасында.
Кадрларда ұрылар бейнебақылау камераларынан мүлдем қорықпайды. Олар қолымен және баскиімімен бетін жауып жүр.
Нәтижесінде олар пәтерлердің бірін ашып үлгерген.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина