Алматыда тұрғын үйдің шатырынан өрт шықты. Massaget.kz тілшісі көпқабатты үй орналасқан мекенжайға барып, оқиғаның мән-жайын білді.
Алматы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға орнында 63 қызметкер мен 21 техника жұмыс істеп жатыр.
"Бірінші хабарлама 11:56-да келіп түсті. 11:58-де Алматы қаласының гарнизоны оқиға орнына шығып, 12:06-да жетті. Пәтер мен көпқабатты тұрғын үйдің шатыры өртеніп жатқаны туралы ақпарат түсті. Қазір өрт аумағында Алматы гарнизонынан 63 қызметкер мен 21 техника жұмыс істеп жатыр", - деді Алмалы ауданы Төтенше жағдайлар басқарма бастығы Айдар Скабаев.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз