Алматыда түнгі уақытта Жансүгіров көшесінің бір бөлігі жабылады

Алматыда түнгі уақытта Жансүгіров көшесінің бір бөлігі жабылады
Фото: depositphotos.com

Алматыда Жансүгіров көшесінің бір бөлігінде түнгі уақытта көлік қозғалысы шектеледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі қала әкімдігі мәліметіне сілтеме жасап.

6 шілде сағат 22:00-ден 7 шілде сағат 10:00-ге дейін Жансүгіров көшесінің Ақпаев көшесімен қиылысында көлік қозғалысы жабылады.

"Уақытша шектеулер осы көше бөлігіндегі жол астынан тартылған су құбырын жоспарлы қайта құруға байланысты. Жүру бағыттарыңызды алдын ала жоспарлап, аталған өзгерістерді ескерулеріңізді өтінеміз. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз", - делінген хабарламада.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Д. Шәріпхан