Алматыда түнде тағы да жер сілкінді. Бұл туралы ТЖМ өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жерасты дүмпуі 28 қарашада Астана уақыты бойынша сағат 01:31-де тіркелді.
"Жер сілкінісінің ошағы Қытай аумағында, Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 318 шақырым жерде орналасқан. Алматыда 2 балл болып сезілді. Зардап шеккендер мен қираған ғимараттар туралы ақпарат түскен жоқ", - деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, 25 қарашада түнде Жетісу облысында жер сілкінді.
Жер сілкінісі кезінде істеу қажет 10 қарапайым қадам бар:
Алматы тұрғындары 2024 жылы 23 қаңтарда жер сілкінісін сезді. Түн ішінде болған дүмпу халықтың үрейін ұшырып, біраз уақытқа дейін қорқыныш қалып қойды.
Көктем басталысымен, 2024 жылы 4 наурызда қалада тағы бір жер сілкінісі тіркелді. Бұл да қала тұрғындары мен қонақтарын үрейлендірді.
Еске салайық, бұған дейін белгілі профессор Әлқуат Нұрмағамбетовпен сұхбаттасып, Алматыдағы жер сілкіністерінің ғылыми негізі туралы сұраған едік.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!