Алматыда түнде жеке үй, гараж және монша өртенді

Алматыда жексенбіге қараған түні жеке үй, гараж және монша өртенді, зардап шеккендер мен құрбандар жоқ, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі оқиғаның егжей-тегжейін хабарлады.

"Жетісу ауданы И.Крылов көшесіне, шақырту орнына жеткен өртсөндірушілер монша, гараж және жеке үй өртеніп, жалын көрші шаруашылық құрылысқа көшкенін анықтады", - делінген хабарламада.

Өртсөндірушілер дереу суды үздіксіз жеткізіп, әмбебап оқпандарды қосу арқылы өрттің көрші үйлерге тарау қаупін жойды.

200 шаршы метр аумақты шарпыған өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

Еске салайық, бұған дейін Алматының Жетісу ауданы Айнабұлақ-1 ықшамауданындағы жиһаз цехында өрт шыққанын хабарлаған едік.

Алматының төтенше жағдайлар департаменті күштері мен құралдары жеткеннен кейін жиһаз цехының жанып жатқанын анықтады. Жақын орналасқан ТҚКС, АЖЖС және бизнес-орталықтың ғимараттарына өрт тарай жаздаған.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз