Алматыда түнде болған өрттен бес адам қаза тапты

Алматының Бостандық ауданындағы жеке тұрғын үйде болған өрттен бес адам қаза тапты. Олардың бірі – кәмелетке толмаған, – деп хабарлайды Massaget.kz.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт туралы хабарлама 112 пультіне сағат 03:44-те түскен. Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері шақыртудан төрт минут өткен соң оқиға орнына жеткен. Бұл кезде үйді жалын шарпып үлгерген.

Смотреть в Threads

Өрт сағат 04:42-де толық сөндірілді. Оны сөндіруге ТЖД-ның 35-ке жуық қызметкері мен тоғыз бірлік техника жұмылдырылған.

Оқиға орнынан бес адамның денесі табылды. Қайғылы оқиғаның мән-жайы мен өрттің шығу себебі анықталып жатыр.