Алматыда адам өліміне әкеп соққан жол апаты болды. Полиция департаменті өкілі қайғылы жағдай қалай болғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, оқиға түнгі сағат 03:10-да Алатау ауданында болған.
"Алдын ала мәлімет бойынша Suzuki жүргізушісі Рысқұлов даңғылымен батыс бағытта келе жатып, Шәріпов көшесімен қиылыста бұрылыс жасау кезінде Рысқұлов даңғылымен шығыс бағытта келе жатқан Mercedes көлігімен соқтығысқан", - деді полиция.
Салдарынан Suzuki көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.
"Suzuki көлігінің тағы бір жолаушысы, сондай-ақ, Mercedes көлігінің жүргізушісі түрлі жарақатпен медициналық мекемеге жеткізілді", - деді ведомство өкілі.
Бұл дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!