Алматыда түн ішінде пышақ ұстап жүрген ер адам тұрғындардың үрейін ұшырған

Алматыда түн ішінде пышақ ұстап жүрген ер адам тұрғындардың үрейін ұшырған
Фото: gov.kz

Алматыда түн ішінде пышақ ұстап жүрген ер адам жұртты шошытқан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Түнгі уақытта 102 арнасына жайсыз хабарлама түскен. Куәгерлер Райымбек даңғылы мен Өтеген батыр көшесі қиылысында қолында екі пышағы бар ер адам жүргенін айтқан.

Оқиға орнына патрульдік полиция қызметкерлері дереу жеткен. Хабарлама расталып, ер адам еш кедергісіз ұсталған.

"Ол - жұмыссыз, бұрын сотталған адам. Күдікті мас күйде болған. Өз әрекетін не себепті жасағанын түсіндіре алмады. Ешкім зардап шеккен жоқ. Қазір осы оқиғаға байланысты тексеріс жүргізіліп жатыр. Ұсталған адамның әрекетіне заң аясында баға беріледі", - деді Алматы ПД өкілі.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget