Алматыда түнгі уақытта 102 арнасына оқ атылғанға ұқсас дыбыстар естілгені туралы хабарлама түскен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оқиға орнына дереу патрульдік полиция экипажы жіберілген. Тексеріс барысында күдік тудырған көлік тоқтатылып, оның жүксалғышынан тапаншаға ұқсас зат және оған арналған оқ-дәрілер табылған.
"Көлік иесінің айтуынша, бұл - белгі беру мақсатындағы құрал және қаңғыбас жануарларды үркіту үшін пайдаланылған. Оқиға орнына жедел тергеу тобы шақырылып, табылған зат пен оқ-дәрілер тәркіленді. Қазір тиісті сараптамалар тағайындалды", - деді Алматы ПД өкілі.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова