Алматы полициясына 6-шағынауданда түнгі уақытта жігіт соққыға жығылғаны туралы хабарлама түскен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оқиға орнына Әуезов аудандық патрульдік полиция экипажы жедел түрде бағытталған. Күдікті шұғыл түрде ұсталған.
"Алдын ала мәлімет бойынша күдікті өтіп бара жатқан адамды есірткі салынған жасырын орынды іздеп жүрген адам деп қабылдағанын айтты. Алайда жәбірленушінің сөзінше, ол жоғалтып алған затын іздеген. Ер адам дене жарақатын алған. Оқиға орнына жедел жәрдем бригадасы шақырылып, зардап шеккен азамат тексерілу үшін медициналық мекемеге жеткізілді", - деді полиция.
Оқиғаның нақты себептері тергеу барысында анықталмақ.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!