Алматыда 7 сәуірде кешке дауыл соқты. Қала дауылдан кейін ретке келтіріліп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қала әкімдігі мәліметінше, Алматыда қатты жел кезінде 28 ағаш құлаған.
"Тұрғын үйлердің шатырына зақым келген үш жағдай және құрылыс қоршауы құлаған бір жағдай тіркелді. Аудандық әкімдіктер мен ТЖД кезекші бригадалары жұмыс істеп жатыр. Су тасқынының алдын алу және жою үшін қажет жабдықтары бар 42 жедел бригада жұмыс істеді", - деді әкімдіктің баспасөз қызметі өкілі.
Айта кетейік, 7 наурызда сағат 20:00 шамасында Алматыда күн бұзылды. Жел үйлердің қаптамаларын және шатырларын жұлып әкетті. Жаңбыр жауды. Қала тұрғындары желіде сурет, видеоларын жариялады.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!