Алматыда түн ішінде дәмханадан өрт шыққан

Алматыда 112 пультіне қаланың Жетісу ауданындағы Дегтярев көшесінде орналасқан ғимараттан өрт шыққаны туралы хабарлама түскен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өртсөндірушілер оқиға орнына жеткенде дәмхана жанып жатқанын анықтаған.

Көрші үйдің екі тұрғыны қауіпсіз жерге шығарылған.

"Қабылданған жедел шаралардың арқасында өрт сөндірілді. Өрт сөндіру барысында жанып жатқан дәмханадан 5 газ баллоны сыртқа шығарылды, бұл жарылыстың алдын алуға мүмкіндік берді", - деп мәлімдеді өртсөндірушілер.

Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз