- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Полиция
Алматыда туғанына бірнеше сағат ғана болған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды

Фото: Видео кадры
Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Кеше жергілікті тұрғындар Чернышевский көшесіндегі үйлердің бірінің ауласынан нәрестені тауып алған еді. Жедел жәрдем қызметкерлерінің айтуынша, нәрестенің дүниеге келгеніне бір-екі сағат ғана болған. Нәресте ауруханаға жатқызылды.
Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде жаңа туған сәбидің анасының жеке басы анықталды. Ол ұсталды және медициналық көмек алу үшін қалалық ауруханалардың біріне жатқызылды.
Қауіпті жағдайда баланы тастап кету дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
М. Лес