- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматыда туған әкесі...
Алматыда туған әкесі екі қызын бірнеше жыл бойы зорлап келген
Алматыда туған әкесі екі қызын бірнеше жыл бойы зорлап келген. Кенже қызына 11 жасынан қорлық көрсеткен, ал үлкен қызына 8 жыл бойы тиіскен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"НеМолчиkz" қоғамдық бірлестігінің төрайымы Дина Таңсәрі бұл оқиға туралы Facebook парақшасында жазды.
"Қыз әкесінің қорлығына шыдай алмай, үйінен қашып кеткен. Кейіннен табылып, полицияға жеткізілген, сол жерде бәрін айтып берген. Анасы не болғанын тергеушінің кабинетінде ғана білген. Полиция қызды ата-анасы келмей тұрғанда сараптамаға апарғаны белгілі болды. Сараптама оны "зорланбаған" деп көрсеткен. Алайда олар қызды дұрыс тексермеген", - деп жазды Дина Таңсәрі парақшасында.
Дина Таңсәрінің айтуынша, Алматы полиция қызметкерлері күдіктінің ұсталғанын айтқан. Алайда полицейлер оған үй жалдап, оны сол жерде бір ай ұстап, кейін босатқан.
"Анасы бұл оқиғаны 2023 жылғы 20 қаңтарда білді. Әпкесі де бұл туралы білмеген, ал қыздар содан кейін бір-біріне әкесінің не істегені туралы айтып берген. Қыздардың әкесі 2023 жылғы 21 қаңтарда қамауға алынған, бірақ ол тергеу изоляторында емес, сараптама қорытындысын алу үшін қауіпсіз үйде ұсталған", - деп жазды Дина Таңсәрі.
Қыздардың әкесі алғаш рет 2009 жылғы туған кенже қызын 2020 жылы 21 қыркүйекте зорлаған. Содан кейін де тағы екі рет зорлаған. Үлкен қызы 2003 жылы дүниеге келген, ол алғаш рет әкесінің зорлығынан 2015 жылы 12 жасында зардап шеккен, сонымен қатар, әкесі оған бірнеше рет зорлық көрсеткен.
Алматы қалалық полиция департаменті бұл дерек бойынша іс қаралып жатқанын хабарлады.
"Алатау аудандық полиция басқармасы өкілдері қылмыстық істі тіркеді. Іс бірден екі бап бойынша тергеліп жатыр: ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы, 4-бөлігі және ҚР Қылмыстық кодексінің 124-бабы 2-бөлігі. Қазір жан-жақтылық және объектив қағидаттарына қатаң сәйкес жедел және тергеу іс-шаралары кешені жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, тиісті сараптамалық зерттеулер тағайындалды", - деп хабарлады Алматының ПД баспасөз қызметі өкілдері.
ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде өзге де ақпарат жарияланбайды.
ҚР Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР ҚПК 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқықбұзушылық жасаудағы кінәсі заңды күшіне енген сот үкімімен анықталғанға дейін әрқайсы кінәсіз деп есептеледі.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек