Алматының орталығында троллейбус жаяу жүргіншіні қағып өлтірді. Полицейлер жол апатына қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Tengrinews.kz порталының хабарлауынша, оқиға Байтұрсынұлы және Тимирязев көшелерінің қиылысында болған. Оқиға орнына құтқару қызметі мен жедел жәрдем жеткен.
Полицейлердің мәліметінше, жол апаты қаланың Бостандық ауданында болған.
"Жол апаты сағат 17:50-де Алматының Бостандық ауданында болды, 11-бағыттағы троллейбус жүргізушісі Тимирязев бойымен батыс бағытта, Байтұрсыновтан батысқа қарай келе жатып, 2003 жылы туған жаяу жүргіншіні қағып кетті, өкінішке қарай, ол оқиға орнында қаза тапты. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, сараптама тағайындалды", - деп хабарлады полиция.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!