Алматыда троллейбус аялдаманы қиратты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Желіде оқиға орнынан түсірілген видео тарады.
Алматы полиция департаменті жол апатының мән-жайы туралы хабарлады. Полицияның мәліметінше, жол апаты Алмалы ауданында болған.
"Троллейбус жүргізушісі Сейфуллин даңғылымен оңтүстік бағытта, Мақатаев көшесінің оңтүстігінде келе жатып, рөлге ие бола алмай, жол апаты салдарынан аялдама мен ондағы жаяу жүргіншіні соқты. Жаяу адам зардап шекті", - деп хабарлады Алматы полициясы.
Алмалы аудандық полиция басқармасының қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз