Алматыда трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелеріне үкім шықты

Алматыда трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелеріне үкім шықты, - деп хабарлайды Polisia.kz басылымына Massaget.kz тілшісі.

Айта кететіні, 2023 жылдың жазында өнеркәсіптік ауқымда синтетикалық есірткі өндіру үшін елге прекурсорларды жеткізуді жолға қойған көршілес мемлекеттердің азаматтарынан тұратын трансұлттық есірткі тасымалы тобының қызметі тоқтатылды.

Белгілі болғандай, айыпталушылар Қазақстанда бірнеше есірткі зертханаларын құрып, синтетикалық есірткі жеткізушілері мен бетбелгі қоюшыларды "жұмысқа" тартуды көздеген. Халықаралық қылмыстық топты қолға түсіру ІІМ мен Алматы полициясының жүргізген жедел жұмысының нәтижесінде мүмкін болды. Әрбір қатысушының рөлін және басқа да адамдардың қатысуын анықтау үшін "арнайы жүк" оның бүкіл бағыты бойынша, соның ішінде әуе барлауын қолдану арқылы бақыланды. Прекурсорлар мен жабдықтарды тасымалдауды, оның ішінде шекарадан өтуді құрылыс материалдары мен тұрмыстық химия атын жамылған логистикалық компания жүзеге асырғаны белгілі болды. Арнайы іс-шараның әртүрлі кезеңдерінде полиция қызметкерлері прекурсорлардың контрабандасымен айналысқан үш шетелдікті ұстады.

Арнайы іс-шараның әртүрлі кезеңдерінде полиция қызметкерлері прекурсорлардың контрабандасымен айналысқан үш шетелдікті ұстады.

Алматы прокуратурасының көмегімен ҚК-нің 264-бабы ("Трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ құру және басқару") бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілді. Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен аталған ұйымдасқан қылмыстық топтың төрт мүшесі жоғарыда аталған қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 10 жылдан 14 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!