Алматыда тұрғын 25-қабаттан құлап кетті. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, кешкі уақытта 102 пультіне Розыбакиев көшесіндегі ТК-нің бірінің 25-қабатында орналасқан балконнан әйел адам құлап кеткені туралы хабарлама келіп түскен.
"Ақпарат расталды. Марқұмның жеке басы анықталды. Бостандық аудандық полиция басқармасында ҚР ҚК-нің 105-бабы (Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - делінген хабарламада.
Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.