Алматыда төрт автобустың бағыты өзгерді

Алматыда жол жөндеуге байланысты төрт автобустың бағыты өзгерді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі мегаполистің көлік холдингіне сілтеме жасап.

"Жандосов көшесінде, Яссауи көшесінен Шаймерденов көшесіне дейін орташа жөндеу жүргізуге байланысты 24 тамызда сағат 23.00-ден 25 тамызда сағат 21.00-ге дейін №№22, 128, 139, 212 маршруттарының қозғалыс сызбалары уақытша өзгерді", – делінген хабарламада.

Маршруттардың уақытша схемалары:

№ 22, батыс бағытта: Жандосов – Яссауи – Шаляпин – Саин – Жандосов көшелерімен, одан әрі схема бойынша. Кері бағытта: Жандосов-Саин-Шаляпин-Яссауи-Жандосов көшелерімен, одан әрі схема бойынша.

№ 128, батыс бағытта: Жандосов – Яссауи – Шаляпин – Саин – Жандосов көшелерімен, одан әрі схема бойынша. Кері бағытта: Жандосов-Саин-Шаляпин-Яссауи-Жандосов көшелерімен, одан әрі схема бойынша.

№139, оңтүстік бағытта: Яссауи – Шаляпин – Саин – Жандосов – Шаймерденов көшелерімен, одан әрі схема бойынша. Кері бағытта: Шаймерденов – Жандосов – Береговый – Шаляпин – Яссауи көшелерімен, одан әрі схема бойынша.

№ 212, батыс бағытта: Жандосов – Яссауи – Шаляпин – Саин – Жандосов көшелерімен, одан әрі схема бойынша. Кері бағытта: Жандосов-Саин-Шаляпин-Яссауи-Жандосов көшелерімен, одан әрі схема бойынша.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!