• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

Алматыда толғақ қысқан әйел кептелісте қалып қойған

Фото: Видео кадры

Алматыда полицейлер толғағы қысқан әйелді перзентханаға шұғыл жеткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Құлжа тасжолындағы туристік полиция бекетінде Toyota көлігінің жүргізушісі тәртіп сақшыларынан көмек сұраған. Оның айтуынша, жұбайы толғатып келе жатқанда кептелісте қалып қойған.

Патрульдік полиция қызметкерлері дереу әрекет еткен. Перзентхана қаланың басқа бөлігінде орналасқандықтан, әр секунд маңызды болған.

"Сақшылар әйелді дер кезінде ауруханаға жеткізді. Осылайша, бұл отбасында екінші сәби, ұл бала дүниеге келді. Ана мен нәрестенің жағдайы жақсы екеніне көз жеткізген тәртіп сақшылары өз қызметтерін жалғастырды", - деп жазылған хабарламада.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget