- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматыда төленбеген айыппұлдары...
Алматыда төленбеген айыппұлдары бар жүргізушілер ұсталды
Алматы полициясы ірі көлемдегі төленбеген айыппұлдары бар жүргізушілерді ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Алматы полициясы жалған мемлекеттік нөмірлерді пайдаланатын, көліктеріне арнайы сигнал беру құралдарын орнататын, көлікті мас күйінде басқаратын және төленбеген айыппұлдары бар қауіпті жүргізушілерді анықтау және жауапкершілікке тарту бойынша мақсатты жұмысты жалғастыруда. Салынған әкімшілік айыппұлдар бойынша берешегі бар борышкерлерді автоматты түрде анықтайтын автоматтандырылған ақпараттық жүйелердің мүмкіндіктері кеңінен қолданылады.
Жыл басынан бері жергілікті полиция қызметінің іздестіру бөлімшелері патрульдік полиция полкі мен мамандандырылған батальон қызметкерлерінің көмегімен 200-ге жуық көлік тоқтатылып, мамандандырылған айыппұл тұрағына орналастырылды. Бұл көліктердің жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін жалпы соммасы 125 миллион 940 мың теңге көлемінде айыппұлдары бар. Алматы полициясы тағы да қылмысқа "мүлдем төзбеушілік" қағидаттарын, құқықбұзушылық үшін жазаның бұлтартпастығын, әкімшілік айыппұлдарды дер кезінде төлеу қажеттігін еске салып, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина