Алматыда төлем терминалын бұзып, ішінен ақша ұрлаған күдіктілер ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Төлем құрылғысы Райымбек даңғылы бойындағы дәріханалардың бірінің ішінде орналасқан. Қаскөйлер ғимаратқа заңсыз кіріп, терминалды бұзып, ол жерден 1 миллион 725 мың теңге көлемінде ақшаны жымқырған.
"Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қылмысқа қатысы бар 1975, 1986 және 1982 жылы туған үш азамат ұсталды. Күдіктілер қылмысын мойындады. Заттай айғақтар тәркіленді. Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі бойынша қозғалды. Күдіктілердің осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтау мақсатында жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр", - деді Жетісу аудандық полиция басқармасы басшысының орынбасары Асхат Давлетьяров.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!