Алматыда Төле би көшесінің бір бөлігі уақытша жабылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қала әкімдігі мәліметінше, Төле би көшесін ұзарту жобасы аясында жүргізілетін құрылыс-монтаж жұмыстарына байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.
Сурет: Алматы әкімдігі
"14 шілдеден 25 тамызға дейін Төле би көшесінің Әшімов көшесінен Алатау көшесіне дейінгі аралығында көлік қозғалысы толық жабылады. Бұл аумақты Сәбденов көшесі арқылы айналып өтуге болады. Бұл учаскеде ескерту белгілері орнатылады. Жүргізушілерден бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз", - деді әкімдік өкілдері.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова