Алматыда Төле би көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алматыда инженерлік желілерде жоспарлы жұмыстар жүргізілуіне байланысты Төле би көшесінің Тілендиев және Брусиловский көшелері аралығында көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.

Бұл учаскеде қозғалыс 18 шілде сағат 20:00-ден 19 шілде сағат 13:00-ге дейін толықтай жабылады.
"Қала тұрғындары мен қонақтарына бағытын алдын ала жоспарлап, уақытша енгізілетін шектеуді ескеруге және уақытша жол белгілерін сақтауға кеңес беріледі", - деді әкімдік өкілдері.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова