Алматыда Төле би көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қала әкімдігі мәліметінше, LRT жобасын іске асыру аясында Төле би көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.
"7 қыркүйек сағат 23:00-ден 8 қыркүйек сағат 14:00-ге дейін Байтұрсынов көшесінен Досмұхамедов көшесіне дейінгі аралықта көлік қозғалысы жабылады", - деп жазылған хабарламада.
Сурет: Алматы әкімдігі
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова